Кандидат Даурен Семейханов Семейді жасыл әрі таза қалаға айналдыруды көздейді

№13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейханов сайлауалды бағдарламасында қаланы көгалдандыру мен абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударған.
Кандидаттың негізгі мақсаттарының бірі – Семейдің жасыл желекке бөленген, таза әрі жайлы қала ретінде дамуына ықпал ету. Осы бағытта қала аумағында көшеттер санын көбейту, жасыл аймақтарды кеңейту және оларды күтіп-баптау жұмыстарын жандандыруды көздейді.
Сонымен қатар қоғамдық орындар мен аулалардың тазалығын жақсарту, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін де маңызды міндеттер қатарында қарастырады.
Даурен Семейхановтың пікірінше, қаланың көркі мен тазалығын сақтау – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан бұл бағыттағы бастамаларды жүзеге асыруда тұрғындардың да белсенділігі маңызды рөл атқарады.
*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейхановтың сайлау қорынан төленді



