Кандидат Николай Ушаков №34 мектептің ұжымымен кездесті

Семей қаласындағы №34 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Восход» шағын ауданының әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелері талқыланды.
Жиынға қатысқан ұстаздар балалардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Олардың айтуынша, шағын ауданда спортқа бейім оқушылар көп болғандықтан, түрлі спорт бағыттары бойынша секциялар ашу маңызды. Сонымен қатар қоғамдық көлік бағыттарын жетілдіріп, «Восход» шағын ауданынан Цемпоселокқа және қаланың өзге де аудандарына тікелей қатынауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар айтылды.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар талқыланып, оларды шешу жолдарына қатысты пікірлер айтылды. Басты назар балаларға қолайлы орта қалыптастыруға және шағын ауданның инфрақұрылымын дамытуға аударылды.
*№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Николай Ушаковтың сайлау қорынан төленді



