Кандидат Нұржан Бахаев тұрғындармен кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады

Семей қаласы №2 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Нұржан Бахаев қала тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар тұрғындарды толғандыратын мәселелерге назар аударып, алдағы уақытта басымдық берілуі тиіс бағыттар жөнінде пікір алмасты.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды. Нұржан Бахаев халықпен тұрақты байланыс орнату, тұрғындардың талап-тілектерін ескеру және олардың мәселелеріне құлақ асу маңызды екенін атап өтті.
«Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы мен үшін маңызды. Халықпен ашық диалог орнатып, елдің талап-тілегін ескеру – басты ұстанымдарымның бірі», – деді кандидат.
Кездесу соңында Нұржан Бахаев басқосуға қатысып, өз ой-пікірлерімен бөліскен тұрғындарға алғысын білдірді.



