Кандидат Арман Таштаев Семейдің коммуналдық мәселелерін шешуге назар аудармақ

Кандидат Арман Таштаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері күн тәртібінен түспеу керек екенін алға тартты. №2 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Арман Таштаев сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға ерекше назар аударады.
Кандидат жылу, су және кәріз желілерінің тозуы мәселесін шешуге, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етуді көздейді.
Сонымен қатар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, тарифтердің негізділігін бақылау және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтеруді жоспарлап отыр.
*№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Арман Таштаевтың сайлау қорынан төленді



