Кандидат Даурен Нуралинов №13 сайлау округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Бүгін Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Нуралинов өзі сайлауға түсіп жатқан №13 бірмандатты сайлау округінің аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында кандидат округ тұрғындарымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, аумақтағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Сондай-ақ кандидаттың сенімді өкілдерімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес арнайы рұқсат етілген орындарға үгіт-насихат материалдары орналастырылды.
Алдағы уақытта да округ аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері назарға алынбақ.
*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Нуралиновтің сайлау қорынан төленді



