Сайлау

Кандидат Тілек Тобықбаев: Заң мен тәртіп – қоғамның басты қағидаты

№13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тілек Тобықбаев қала тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында кандидат алдағы жоспарларымен бөлісіп, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтарын құрметтеу – қоғам дамуының негізгі қағидаттары.

Сонымен қатар тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтті.

*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тілек Тобықбаевтың сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button