Сайлау

Кандидат Салтанат Наурызбаеваның сайлауалды бағдарламасы мектеп ұжымына таныстырылды

Бүгін №4 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Салтанат Наурызбаеваның сенімді өкілі өткізді.

Жиын барысында мектеп қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Ашық диалог форматында өткен кездесу өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді. Мектеп ұжымы кездесуге белсенді қатысып, көтерілген тақырыптар бойынша ойларын ортаға салды.

*№ 12  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Салтанат Наурызбаеваның сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button