Кандидат Рауиля Бектыбаева Шүлбі психиатриялық емханасының ұжымымен кездесті

Жаңасемей ауданы мәслихаты депутаттығына кандидат Рауиля Бектыбаева Шүлбі психиатриялық емханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің өтуіне Новобаженово ауылының бірқатар тұрғындарының аталған медициналық мекемеде еңбек етуі себеп болды. Жиын барысында кандидат медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен ұжым мүшелерінің ұсыныстарын тыңдады.
Әңгіме барысында медицина мамандарының еңбек жағдайы, саладағы түйткілдер мен оларды шешу жолдарына қатысты пікірлер айтылды.
Рауиля Бектыбаева ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың еңбегі мен ұсыныстары әрдайым назарда болуы керектігін жеткізді.
*7 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Рауиля Бектыбаеваныңсайлау қорынан төленді



