
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы №83 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.
Қаладағы сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне қажетті барлық жағдай жасалған. Учаскелер таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Сайлау процесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелер тиісті талаптарға сай жабдықталған. Сондай-ақ дауыс берушілерге қажетті ақпарат беру және олардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасау шаралары қарастырылған.
Еске сала кетейік, Семей қаласында барлығы 128 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аумақтық және 127 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Қала бойынша сайлаушылардың жалпы саны – 219 181 адам.



