Абай облысыТОП

Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары белсенді жүргізілуде

Абай облысының қала және аудандарында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ветеринария басқармасына қарасты коммуналдық кәсіпорындар жүргізеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласында «4 лапы+» қоғамдық қорының базасында қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған жеке орын бар, онда 200-ге жуық ит пен 50 мысық уақытша ұсталады.

Бұдан бөлек, облыс орталығында иесіз қалған 2000 бас үй жануарларына арналған нысан салу жоспарланған. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның нормаларын іске асыру мақсатында Абай облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келесі іс-шараларды өткізуге конкурстар жариялады:

1. Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау. Қызмет көрсетудің әлеуетті өнім берушісі анықталды, онымен шарт жасалып жатыр;
2. Қараусыз және қаңғыбас жануарларды анықтау. 490 бас қаңғыбас иттер мен мысықтарды анықтау үшін чиптер сатып алынды;
3. Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру. Қызмет көрсетудің әлеуетті өнім берушісі анықталды, онымен шарт жасадып жатыр;
4. «Әлеуметтік осал топқа» жататын азаматтардың үй жануарларын анықтап, оларды сәйкестендіру үшін 1 870 чип сатып алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button