Сайлау

Кандидат Асет Матаевтың сайлауалды бағдарламасы

Мен өзім Семей қаласының тумасымын, №1 сайлау округінің аумағында бала кезімнен тұрамын. Өзімнің еңбек ету, қызметімнің барысында қалыптасқан, жинақталған білім мен тәжірибиемді, өз елімнің патриоты ретінде тұрғындар мен жалпы Семей қаласының игілігі үшін пайдалануға бел будым. Сол себепті №1 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясы атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелдім.

Өзімнің сайлау бағдарламасына келесі негізгі міндеттерді енгіздім:

• халықтың, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысу, сондай-ақ соғыс және еңбек ардагерлерін қолдау;

• қарттардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау;

• балаларды спорттық, ғылыми және басқа да бағыттарда тәрбиелеу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

• сайлау округінің аумағын абаттандыру мәселелері бойынша жәрдемдесу;

• халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;

• азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Осы айдарда

Back to top button