ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Риддерде әйел зорлаған полиция қызметкеріне қатысты іс қозғалды

Риддер қаласында әйел зорлаған полиция қызметкеріне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешеден бері әлеуметтік желілерде Риддердегі уақытша ұстау изоляторының бастығы қол астындағы қызметкерді зорлағандығы жайлы ақпарат тарап кетті. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осыған қатысты түсінік берді.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде. Ол ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылған.

«Сондай-ақ оның тікелей басшылары және қалалық полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды. Бүгінде жеке құрам арасындағы заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері ішкі істер органдарының қызметінде басым бағыттың бірі болып отыр. Өз қатарымызды тәртіп бұзушы қызметкерлерден тазарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button