Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Абай: ЭТТД Семей қаласында КВН ұйымдастырды

Абай облысында қаржылық қауіпсіздік тақырыбына арналған студенттік КВН өтті. Ауқымды іс-шараны демеушілердің қолдауымен Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды.

Жоғары оқу орындары мен колледждердің алты командасы «Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының кубогы» үшін бақ сынады.

Қаланың ең үлкен сахналарының бірі – Абай атындағы кітапхана сахнасында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, жастар арасында өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді.

Атап айтқанда, интернет-алаяқтық, дропперлік, онлайн-казиноға қатысу және вейптердің заңсыз айналымы тақырыптары көтерілді.

Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында осындай іс-шараларды өткізу қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған өте жақсы алаң деп ойлаймын. Бұл – осы бағыттағы маңызды бастама, – деп атап өтті Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ержан Булегенов.

КВН қорытындысы бойынша Геологиялық барлау колледжінің командасы III орынға ие болып, 100 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.

II орын мен 200 000 теңгелік сертификат Shakarim University командасына бұйырды.

Ал I орынды, «Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының кубогын» және 300 000 теңгелік сертификатты Innovative College командасы жеңіп алды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button