Абай облысы
Аға буын нені күтеді? Абай облысында Президент Жолдауы талқыланып, ардагерлердің пікірі тыңдалды

Өз кезегінде Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин аға буын
үшін әлеуметтік тұрақтылық, медициналық қызметтің қолжетімділігі және зейнеткерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ұсыныстарын ел дамуына қатысты бастамаларда ескерудің қажеттігіне тоқталды.
Біз үшін елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, жас ұрпақтың жарқынболашағы бәрінен маңызды. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі қоғам үшін әлі де қажет. Сондықтан аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасалып, олардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі керек. Абай айтқан адамгершілік, әділеттілік пен бірлік қағидалары ұрпақ тәрбиесінде де, қоғам өмірінде де басты бағдар болуы тиіс, – деді Мұрат Алин.
Кездесу барысында ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп,
ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Пікір алмасу кезінде әлеуметтік қолдау, денсаулық
сақтау қызметтерінің сапасы, заңнаманы жетілдіру және ұрпақтар сабақтастығы
мәселелеріне назар аударылды.
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі бөлімі



