ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО: Бесқарағай ауданында бала-бақшаға анықтауда 183 бала кезекте тұр

Бесқарағай ауданында 26 білім ұйымы жұмыс істеп тұр, жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100%,деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Жарқынбек Байсабыров айтып өтті.

  • Ауданда 26 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде: 21 мектеп (оның ішінде 18 орта, 3 негізгі мектеп), 1 мемлекеттік және 2 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме, 1 өнер мектебі және 1 шығармашылық үйі. Жалпы оқушылар саны – 2 901, жалпы мұғалімдер саны- 573, жоғары санаты (категориясы) бар мұғалімдер саны- 141, бірінші санаттағы мұғалімдер саны- 144, екінші санаттағы мұғалімдер саны- 123, санаттары жоқ мұғалімдер саны- 165. Бесқарағай ауданында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны 1497 баланы құрайды, оның ішінде 571 мектепте оқиды және 869 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% – ды, 1 жастан 4 жасқа дейінгі 83 % – ды, Бесқарағай ауылы бойынша 80,3 % – ды құрайды. Жалпы аудан бойынша балабақшада 285 бала тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды балабақшаға анықтау кезегінде – 183 бала тұр, – деп мәлімдеді Жарқынбек Байсабыров.

Халықтың әлеуметтік жағдайының өзекті мәселелерін шешуге, атап айтқанда, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға елеулі көмек бөлуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 Қаулысына сәйкес жаңа оқу жылында аудан оқушылары 837 мектеп формасымен, 837 спорт формасымен, 837 қысқы аяқ киіммен, 296 кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы 18 мектепте 38 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған 166 289,9 мың теңге сомада ақшалай қаражат бөлінді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button