ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО: Риддерде көлік қаққан баланың жағдайы өте ауыр

Риддер қаласында көлік қаққан 11 жасар баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Semeynews.kz.

7 қарашада көлік қаққан 11 жасар Никитаның жағдайы өте ауыр. Бала әлі күнге дейін Риддер ауруханасында жатыр, оны санавиациямен Өскеменге немесе Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу, баланың өте ауыр жағдайда болуына байланысты мүмкін болмауда.

Баланы – ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр және ми бағанының  контузиясы, орта мүшелерінің және өкпе жарақаты, мидың ісінуі, кома диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Алдағы демалыста Риддерге астаналық дәрігер-реаниматолог жеткізілді.

“Емдеу жалғасуда, жағдайы бұрынғысынша ауыр, кеше баланы облыстық реаниматолог қарады”, – деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button