ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да 6 жыл бойы қазақстандық зейнетақы алып келген тағы бір шетелдік азамат анықталды

Шемонаиха ауданында 6 жыл бойы Қазақстанның зейнетақысын алып келген Ресей Федерациясының азаматы анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 10 қарашада Шемонаиха ауданының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстырып-тексеру жүргізу кезінде аудан орталығының тұрғыны Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын анықтады.

“Ер адам 2005 жылы Алтай аймағында Ресей Федерациясының азаматтығын алып, төлқұжат рәсімдегені белгілі болды. Алайда, өзге мемлекеттің азаматтығын алу фактісі туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабарламаған. Ресей азаматы бола тұра, ол  Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы жасына жеткеннен кейін 6 жыл бойызейнетақы алып отырған. Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтықтан айырылу тіркелді, – делінген ақпаратта.

ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажеттігі туралы азаматтарды хабардар етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button