ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол-көлік оқиғасынан 20 жастағы жігіт көз жұмды

Шығыс Қазақстан тасжолында жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қарашада республикалық маңызы бар «Өскемен-Рахман қайнарлары» тасжолының 321шақырымында, Алтай ауданының Полянское ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алған.

«41 жастағы жүргізуші тізгіндеген Suzuki автокөлігі Полянское ауылындағы Коммунарлар көшесі бойымен Алтай қаласына келе жатып,2001 жылғы жігітті қағып кеткен. Алған ауыр дәрежедегі дене жарақаттарына байланысты 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button