ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО кәсіпорындарының бірінде шыққан ірі өрт сөндірілді

Өскемен қаласындағы кәсіпорындардың бірінде шыққан ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде Путевая көшесінде орналасқан ЖШС-ның ангарында өрт шыққан. Қызыл жалын ангар ішіндегі жабдықтарға зақым келтірген.

«Құтқарушылармен 290 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуі себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 32 адам мен 11 техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button