Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

Даниал Ахметов: ШҚО-да коронавирус вакцинасын 85 мың бала алуы тиіс

Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 85 мың бала алуы тиіс. Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде вакцина алғандардың саны – 901 мың адамға жетті. Бұл, жалпы Шығыс Қазақстан тұрғындарының 67%. Алдағы бір-екі күнде вакцинацияның 2-ші компонентін алуды аяқтауымыз керек. Нәтижесінде облыс жұртшылығының 95% вакциналанады. Бұл ел бойынша алдыңғы қатарға шығуымызға және «жасыл» аймақта қалуымызға мүмкіндік береді», – деді ол.

Даниал Ахметовтың айтуынша, облысқа Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілген.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облысқа Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілді. Сондықтан жақын арада 12 мен 18 жас аралығындағы 85 мың бала, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуы қажет. Бұл ұжымдық иммунитетті нығайту мен аурудың таралуына тосқауыл бола алады. Осы ретте, вакцина салдырған барша шығысқазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін. Енді ең бастысы ата-аналар балалар вакцинациясына асқан жауапкершілікпен қарауы қажет. Бүлдіршіндерді қауіпті дерттен құтқару – бәрімізге міндет», – деді облыс әкімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button