ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

Өткен демалыста ШҚО-да бес өрт оқиғасы тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері бес өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Риддер қаласында Изобильная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы гаражда өрт болды.

Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқарушылармен жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған тілсіз жау сөндірілді.

Семей қаласында жер үйдің ағаш құрылымдары, төбе жабындысы, есік, жиһаз, және жеке заттар отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – пеш орнату және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Бесқарағай ауданында жеке тұрғын үй ауласында монша өртенген. Жалынның жалпы аумағы 12 шаршы метрді құрады.

Риддер қаласында Горно-Алтайская көшесіндегі 2-қабатты көппәтерлі үйде өрт шықты.

Екінші қабаттағы пәтерде жатын бөлменің ағаш құрылымдары, жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанған.

 

Оттың шығуына электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы ықтимал.

Бұдан бөлек, Өскеменде Гражданская көшесіндегі жер үйдің ауласында орналасқан монша өртенді. Тілсіз жаудың жалпы ауданы – 10 шаршы метрді құраған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button