ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да аюды заңсыз аулаудың тағы бір фактісі анықталды

Шығыс Қазақстанда «Браконьер» ЖААШ барысында аюды заңсыз аулаудың тағы бір фактісі анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

2021 жылғы 6 қарашада рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарханка ауылының маңында өзінің тіркелген мылтығымен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті оның етін жеке пайдалану үшін алғанын айтып, сондай-ақ болашақта сату мүмкіндігі жоспарымен аюдың табанын да тастамай өзіне алған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы- Заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді ведомствода.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 360-тан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда 605 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 394-і аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар, 10 браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button