ШҚОҚоғамТОПШҚО

Amanzholov University ғылыми кітапханасында үш жүз жылдық кітаптар ұсынылған

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапханасындағы кітаптардың сирек кездесетін даналары қолжетімді, деп хабарлайд Semeynews.kz.

Университеттің Ғылыми кітапханасының оқырмандары Анна Иоанновна дәуіріндегі өзіндік “гуглмен” таныса алады, онда қарапайым үй шаруашылығына қатысты егжей-тегжейлі нұсқаулар берілген. 1738 жылы жарық көрген “Флориановая экономия” атты кітапта бақшаға күтім жасау туралы нұсқаулар жазылған, тамақ дайындауға арналған рецепттер бар. Сондай-ақ, жылқыны қалай ұстау, ауруларды емдеу және тағы басқа қажетті ақпараттар жазылған.

– Біздің кітапханамызда 1913 жылы жарық көрген “Телесные наказания” деп аталатын кітап Қазақстан бойынша бірегей және жалғыз дана. Сондай – ақ, қорымызда 1748-1753 жылдары құрылған Семен Мордвиновтың “Навигация” кітабы бар, – деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы Любовь Ершова.

Сирек кездесетін кітаптарды қолмен ұстап, көзбен көруге де, сонымен қатар виртуалды түрде зерделеуге болатындығын айта кету керек. Бұл ретте кітапхана сайтының “Сирек кітап” бөлімінде 400-ден астам кітап жинақталған жаңа ресурс іске қосылған.  https://library.vkgu.kz/ru/page/redkaya-kniga.html

– Бізде 1883 жылы Ташкент қаласында шығарылған Иш-Мұхаммед Букиннің “Орыс-қырғыз және қырғыз-орыс сөздігі” бар. Бұл сөздік Юнеско-ның “Әлем естелігі” енген. Сондай-ақ, оқырмандар Семен Ульянович Ремезовтың 1701 жылы аяқтаған “Сібірдің сурет кітабы” Ұлттық картографиясының баға жетпес шедеврімен таныса алады. Алайда, тарих ғылымында бұл бірегей кітап 1842 жылы, оның алғашқы қысқаша сипаттамасы жарияланған кезде ғана белгілі болды, – дейді Любовь Ершова.

Қорытындылай келе, Любовь Ершова ғылыми кітапхананың жоспарында сирек кітаптар үшін ылғалдылық пен температура режимі бар арнайы тоңазытқыш камерасына тапсырыс беру бар екенін айтты. Оның айтуынша, университеттің 13 мың ғасырлық кітабын ұзақ жылдар бойы осылай ғана сақтауға болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button