ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да мүгедек адамды өрттен аман алып қалды

Шығс Қазақстан аумағында жеті оқиғасы болып, бір мүгедек адам өрттен құтқарылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласында, Әл-Фараби көшесінде орналасқан жеке тұрған монша кешенінде өрт шығып, оның ағаш құрылымдары, төбесі өртенген. Құтқарушылармен 10 шаршы метр алаңды құрайтын тілсіз жау сөндірілді. Өрттің шығу себебі – пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Дәл осындай себептермен Көкпекті ауданында жер үйлердің бірінің ағаш құрылымдары, жиһаздары және жеке заттары өртенген. Өрттің жалпы аумағы – 63 шаршы метр. Барлау жүргізу барысында үйдің иесі, 1949 жылғы, мүгедек адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.  Жану өнімдерімен жеңіл дәрежеде уланы диагнозымен ер адам ауруханаға жатқызылды.

31 қазанда Өскемен қаласында “Лесное” саяжай қоғамы аумағында жазда тұруға арналған үйде өрт шықты. Үйдің ағаш құрылымы, төбесі, ішкі ағаш бөліктері, жиһаздары өртенген. Құтқарушылар 24 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Өрттің шығу себебі: отты абайсызда пайдалану немесе әдейілеп жағу.

Сол күні Шемонаиха қаласында Қазақстан көшесіндегі жер үйдің төбе жабындысы, шаруашылық құрылысы өртенген. Өрттің жалпы аумағы – 55 шаршы метр. Электржелілерін пайдалануда және оны құруда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан өрт оқиғасы орын алған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button