ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады

Шығыс Қазақстан полицейлерімен Бұқтырма жағалауында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды және 232,82 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 2 қазанында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Алтай ауданы ПБ инспекторымен бірлесіп Бұқтырма су қоймасының жағалауында рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында Алтай ауданының Октябрьский кентінің маңында балық аулап жүрген, осылайша балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзған 4 ер адам ұсталды.

Тексеру кезінде аталған тұлғалардың балық аулауға рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды.

– Заңсыз балық аулаған Октябрь кентінің 33 және 35 жастағы, Жарма ауылының 35 жастағы және Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғындарынан 2 қайық және 232,82 келі «рипус» тұқымды балық тәркіленді, -деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button