ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да қарттарға арналған «Уба» шипажайы қайта ашылды

Шығыс Қазақстан облысында Қарттар күніне орай «Уба» шипажайы қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұртшылықты Қарттар күнімен құттықтап, пандемия кезеңінде зейнеткерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша күш салу керектігін атап өтті.

«Ақылы дария ардагерлеріміз өскелең ұрпақ үшін жанкешті еңбектің, Отанға деген сүйіспеншіліктің бейнесі. Олар қиыншылықтың не екенін және оған қарсы тұрудың жолдарын жақсы біледі. Қазыналы қарияларымыз – мейірімділік пен қамқорлықтың нышаны. Сондықтан, ардагерді ардақтап, лайықты құрмет көрсетейік», – деді ол.

Мерекеге орай Уба шипажайында салтанатты шара өтті. Бұл шипажай бір жылдан кейін өз жұмысын қайта бастап отыр. Пандемия кезінде шипажай ғимараты Денсаулық сақтау басқармасының қарамағына беріліп, уақытша медициналық орталық ретінде пайдаланылды. Енді мұндағы 100 орындық жатақхана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, шипажай өз қонақтарын қайтадан қарсы ала бастады. Қазірдің өзінде мұнда 80 адам емделуге және демалуға келді. Оларға концерттік бағдарлама да ұйымдастырылған.

Айта кетейік, жыл сайын осында 5500 адам курорттық ем қабылдайды. Шипажайда медициналық процедураның 29 түрі бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button