ҚоғамСемейТОП

Алимент төлеушінің қарызы 3,5 млн теңгеден асты

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алиментті төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары алимент бойынша қарызын төлемей, сот орындаушылардан жасырынған  200-ден астам азаматтарды анықтады.

– Өскемен қ. ПБ-ның Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының 3 500 000 теңге қарызы бар 45 жастағы алимент төлемеушіні іздестіруді жариялау туралы қаулысы келіп түсті. Іздестіру іс-шаралары барысында бір тәулік ішінде көші-қон қызметінің қызметкерлері алиментті қасақана төлемей жүрген ер адамның орналасқан жерін анықтады. Облыс отралығының тұрғыны 7 жылдан астам уақыттан бері кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені белгілі болды. Ақшалай қаражатты өндіріп алу үшін материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау) бойынша әкімшілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-анасын, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық  жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button