15 қазанда сағат 07:20 шамасында жергілікті маңыздағы “Тараз-Сарыкемер” тас жолында 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Audi көлігі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына келе жатып, жолдың қарсы шығып, 21 жастағы жүргізуші тізгіндеген ВАЗ-2104 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Соққы салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі есіне келмей оқиға орнында көз жұмды. Алты адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасы жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.
Semeynews.kz