ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Жамбыл облысында жан түршігерлік жол апаты болды: бір адам көз жұмды, алты адам жарақат алды (ВИДЕО)

Жамбыл облысында жол апатынан бір адам көз жұмды, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қазанда сағат 07:20 шамасында жергілікті маңыздағы “Тараз-Сарыкемер” тас жолында 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Audi көлігі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына келе жатып, жолдың қарсы шығып, 21 жастағы жүргізуші тізгіндеген ВАЗ-2104 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Соққы салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі есіне келмей оқиға орнында көз жұмды. Алты адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасы жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button