Қазақстан

  • 1 000-нан аса әскерде болған сарбаз биыл грант бойынша жоғары оқу орындарында білім ала бастады

    Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз 2.0» жобасы аясында биыл мерзімді әскери қызметін аяқтаған 1 745 әскери қызметші мемлекеттік білім беру грантына ие…

    Толығырақ »
  • МИФИ Алматы филиалына биыл 131 студент қабылданды

    Биыл «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматыдағы филиалына 131 студент қабылданды.  Мұнда шәкірттер ядролық физика мен атом энергетикасының…

    Толығырақ »
  • Қазақстан мен Корея Республикасы арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар меморандумға қол қойылды

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі желісі бойынша жалпы сомасы $401,9…

    Толығырақ »
  • Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді

    Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық…

    Толығырақ »
  • Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап…

    Толығырақ »
  • Алғашқы бес күнде марафонға 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

    Тіркеу басталған алғашқы бес күннің ішінде марафонға 100 мыңнан астам қатысушы қосылды. Марафонның ресми платформасында қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 2 қыркүйекте басталды. Алғашқы күндердегі…

    Толығырақ »
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

    Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы чемпиондар мен…

    Толығырақ »
  • Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

    Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет»…

    Толығырақ »
  • Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау…

    Толығырақ »
  • 3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

    3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақ тазысы күніалғаш рет аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылы қазақ тазысының Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала танылған күніне орай белгіленді. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдады. Тұқымға №372 халықаралық стандарт бекітіліп, Қазақстан оның шыққан елі ретінде танылды. Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыстіршілігімен бірге жасасып, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылған. Ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жұмыстары соңғы жылдары мемлекеттік деңгейде қолға алынды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жөнінде міндет қойды. 2023 жылы осы бағыттағы заңнамалық негіз қалыптастырылды. Тазыны бүгінгі күнге жеткізген – оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген аңшылардың, селекционерлердің, кинологтардың, ит иелері мен жанашыр азаматтардың еңбегі. Халықаралық деңгейде танылу – үлкен нәтиже. Бірақ біздің жұмысымыз мұнымен аяқталмайды. Ең бастысы – тазының тұқымдық ерекшеліктерін, генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу, – деді Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымдық кітабында төрт мыңға жуық тазы тіркелген. Өңірлерде иттердің шығу тегі туралы мәліметтерді жинау, асыл тұқымдық есеп жүргізу және тұқымдық қасиеттерін сақтау жұмыстары жалғасуда. Қазақ тазысын халықаралық деңгейде таныту жұмыстары да жалғасып келеді. 2025 жылы Хельсинкиде өткен Дүниежүзілік иттер көрмесінде тұқымның ресми таныстырылымы өтті. 2026 жылғы маусымда Болоньядағы World Dog Show көрмесіне Қазақстаннан 12 тазы қатысты. Сонымен қатар Жетісу облысында Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығының ғимараты салынып жатыр. Құрылыс демеушілердің қолдауымен, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен жүргізілуде. Орталықта таза тұқымды иттерді ұстау және өсіру, олардың шығу тегін тіркеу, Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу, сондай-ақ кинология саласындағы мамандарды даярлау көзделген. Мұнда сынақтар, көрмелер, байқаулар мен жарыстар да ұйымдастырылады. Биыл 20 ақпанда Үкімет қаулысымен Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі 2026–2036 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Құжат алдағы он жылда осы бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жалғастыруды көздейді. Қазақ тазысының FCI тарапынан алдын ала танылуы – жұмыстың соңғы кезеңі емес. Алда тұқымның тұрақтылығын бірнеше буын бойы бақылау, генетикалық алуандығын, денсаулығын және өзіне тән табиғи қасиеттерін сақтау міндетітұр. 3 қыркүйек – қазақ тазысының халықаралық деңгейде танылғанын айғақтайтын ғана емес, ұлттық тұқымды сақтап, келесі ұрпаққа жеткізудің маңызын еске салатын күн.

    Толығырақ »
Back to top button