Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде нысандар «қызыл» аймақ жағдайында жұмыс істейтін болды

Семей қаласы короновирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Semey News.

Бұл туралы ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиевтің жаңа қаулысында айтылды.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 31 186 КВИ жағдайы тіркелген. Өскемен қаласында 9 391 жағдай, Семей қаласында – 8 960 жағдай тіркелді. Індетке шалдығу санының артуы «дельта-штамм» вирусының кең тарауына байланысты. Онлайн-брифингте ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиев және ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков толығырақ мәліметтер берді.

  • Қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысушы нысандарды есептемегенде, Семейде халықаралық, облысаралық, қалалық, тұрақты және тұрақты емес автобус және микроавтобус тасымалдары тоқтатылады. Жабық жағажайлардың және автопарктердің жұмыстарына рұқсат берілмейді. Қоғамдық көліктердің және «Ashyq» жобасына қатысушы нысандардан бөлек, қоғамдық тамақтану нысандарының демалыс және мереке күндері қызметтеріне тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысушы нысандардан бөлек фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, сауналар, SPA-орталықтар, бассейндер, кинотеатрлар, театрлар, концерттік залдар, филормониялар, компьютерлік клубтар, бильярд клубатары, көрмелер, 2000 шаршы метр аумаққа дейінгі азық-түлік емес тауарларды сатуды жүзеге асыратын нысандар, ашық базарлар мен жәрменкелер, спорттық нысандар, түрлі үйірмелердің жұмыстарына рұқсат берілмейді. Жұмыс күндері спорттық нысандардың жұмысына шектеу қойылады, сағат 20:00-ге дейін. Сауда орталықтары және сауда үйлері сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындары сағат 20:00-ге дейін, жобаға қатыспайтындары сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы қаулы ағымдағы жылдың 21 шілдесінде күшіне енеді және ресми күші жойылғанға дейін қолданыста болады, – деп хабарлады Қанат Тұрдиев.

Сонымен қатар брифингте бүгінгі таңда қауіпті вирусқа қарсы төтеп берудің жалғыз жолы, ол –  вакцинациялау екенін айтып өтті.

  • Бүгінгі таңда біздің облысымыз бірінші және екінші компоненттегі вакцинациямен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Қазір «Спутник V» вакцинасының қосымша жеткізілімі жүріп жатыр. Бұрынғы өмірге қайтып оралу үшін және «жасыл» аймаққа кіру үшін вакцинациялануымыз керек. Вакцина алғандар бәрібір вирус жұқтырады екен деген сөздер туындауда. Иә, ол мүмкін, алайды ондай жағдайлардың пайыздық көрсеткіштері аз. Біз короновирус індетімен ауырғандар арасында талдау жүргіздік, екпе алып ауырғандар 1,4% ғана көрсетті. Сонымен қатар, егер біз вакцина алсақ, онда біз ауыруды жеңіл өтеміз. Бүгінгі күні облыстағы стационарлар 16% толтырылған. Жан сақтау бөлімшелері 20 %. Қазіргі уақытта облыс әкімінің нұсқауына сәйкес қосымша стационар ашу мәселесін қарастырудамыз. Ол стационарда барлық қажетті дәрі-дәрмекпен, жабдықтармен жабдықталады. Біздің негізгі мақсатымыз – короновирустан қорғану. Сондықтан барлықтарыңызды вакцинациялануға шақырамын, – деп қорытындылады денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button