Закон и порядокСемей
Семейде түрмеге бірнеше телефон лақтырмақ болған қала тұрғыны ұсталды

Семей қаласында түрме аумағына бірнеше ұялы телефон лақтырмақ болған күдікті ұсталды. №20 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің бақылау қызметінің взвод командирі тыйым салған аймақтың бірін торауылдау кезінде бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан ішке қарай белгісіз заттарды лақтыруға әрекеттенген А. есімді азаматты қолға түсіреді.
Тексеру барысында Семей қаласының тұрғыны түзеу мекемесіне SIM картасы бар алты ұялы телефон, төрт дана қуаттау құрылғысы және сымды және сымсыз құлаққап лақтырмақ болғаны анықталды. Тыйым салынған заттар жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі



