ДенсаулықҚазақстанТОП

Президенттік клиниканың дәрігерлері Атырау қаласында мастер-класс өткізді

28-29 маусым күндері Атырау қаласында Президенттік клиниканың дәрігерлері мастер-класс өткізді, деп хабарлайды Semey News.

Директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ермағамбет Қуатбаев және аритмолог дәрігер Шалқар Смағұлов Атырау облыстық кардиологиялық орталығының базасында шеберлік-класс өткізді. Кардиологиялық орталықтағы әріптестерімен бірлесе отырып, келесі операцияларды сәтті орындады:

  • Кардиостимуляторды орнату
  • Жүрек ырғағының бұзылуы кезіндегі радиожиілікті абляциясы
  • Жұмыс істейтін жүрекке аортокоронарлық шунттау
  • Қос жармалы қақпақшаны жөндей отырып, аортокоронарлық шунттау

Науқастар операциядан кейін өздерін жақсы сезінеді және қазіргі уақытта қалпына келуде.

Сондай-ақ, дәрігерлер 50-ден астам пациентке кеңес берді, клиникалық жағдайларды талдады және жедел жүрек/тыныс алу жеткіліксіздігінде, атап айтқанда, COVID-19-ға шалдыққан пациенттерге ЭКМО жүргізу мүмкіндігін талқылады. Шеберлік-класс аясында одан әрі ынтымақтастық жүргізу мәселесі талқыланды.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button