ШҚОҚоғамСпортТОПШҚО

Қазақстан чемпионатында жеке сынақта Шығыс Қазақстанның жас құтқарушылары үздік нәтижелер көрсетті

28 маусымнан 4 шілде аралығында жастар арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті, деп хабарлайды Semey News.

Шығыс Қазақстан спортшылары үздік нәтижелер көрсетіп, облыста жаңа рекорд қойды.

Ең көріністі спорт түрінің бірі – мұнара терезесіне саты арқылы көтерілу болды. Осы спорт түрінен орта буын бойынша І орынды Виктор Коршак, кіші топта ІІ орындарды Глеб Колмаков және жоғарғы топта Дінмұхамед Әбілбаев алды.

Кедергілері бар 100 метрлік жолақ спортшыдан бар күш-жігерін салуды талап етеді. Бұл қашықтықты өту үшін жылдамдық және икемділік қажет. Осы спорт түрінен орта буында І орынды  – Виктор Коршак және кіші топта ІІІ орынды – Глеб Колмаков жеңіп алды.

Жауынгерлік орналастыру – қатысушылар магистралдық желілер сызып, резервуардан су тартып, арнайы орынды суға толтырады, бұл спорт түрінде біздің спортшыларға ешкім тең болмады. Виктор Коршак, Эльдар Авилов, Артур Азизов, Глеб Калмаков, Дінмұхамед Әбілбаев және Кизаев Ильяс І орынды жеңіп алды және облыстың жаңа рекордын орнатты – 20,7 секунд.

Жарыстың соңғы кезеңі – эстафета. Бұл жерде біздің спортшылар сәтсіз өнер көрсетті. Жалпы командалық төртінші орын алды.

Жас спортшыларымызды құттықтаймыз, алдағы уақытта тек жеңістер тілейміз!

Semey News

Осы айдарда

Back to top button