Семей
Қала әкімі Силикат кентінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы Силикат кентінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында тұрғындар көше жарықтандыруын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.
Биыл облыс әкімі Берік Уәлиұлының тапсырмасына сәйкес, көшелерді жарықтандыруға қаржы бөлініп, бірқатар жұмыстар атқарылды. Келесі жылы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, жарықтандырылмаған учаскелерді қамту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жарықтандыру мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, қала аумағындағы тиісті учаскелер қамтылуда.



