Абай облысыТОП
Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.
Облыс әкімі қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, тиісті басқарма басшыларына, қала әкіміне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



