Абай облысыТОП

Халықаралық форум делегаттары Павлодарда Ертіс өзенінің дамуымен танысты

«Ертіс: достық өзені – даму өзені» II халықаралық форумының пленарлық отырысынан кейін облыс әкімі Берік Уәли бастаған делегация бағдарламаны өзен экспедициясы форматында жалғастырды. Бағыт бойында орталық жағалау және жаңа көпірдің құрылысы таныстырылды.

Павлодардың орталық жағалауы 6 шақырымнан астам аумаққа созылып жатыр. Бүгінде еліміздегі ең ұзын әрі абаттандырылған жағалаулардың бірі саналады. Ал 1962 жылы салынған қолданыстағы автокөлік көпірі «Қызылорда-Павлодар-Успен-РФ шекарасы» республикалық автокөлік жолының бойында орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылдан бері Ертіс арқылы өтетін жаңа экстрадозды көпірдің құрылысы жүргізілуде.

Форум аясындағы маңызды шаралардың бірі – Ертіс өзенін балықтандыруға бағытталған экологиялық акция. Іс-шараға форум делегаттары қатысып, өзенге 1000 бекіре шабағын жіберді.

Өзен экспедициясымен танысқан аймақ басшысы өңірлер арасындағы көлік, экономикалық және экологиялық байланыстарды дамыту бағытындағы жобалардың маңызын атап өтті.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button