Семей

Семей қаласында санитарлық ағаш кесу жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі таңда қала аумағында санитарлық ағаш кесу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Бұл жұмыстар тек қураған және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу мақсатында ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылуда. Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін ағаштар алынып, аумақтар ретке келтірілуде.

Кесілген ағаш қалдықтары арнайы техника көмегімен шығарылып, жұмыс аяқталғаннан кейін аумақтар тазаланып, ретке келтірілуде.

Санитарлық ағаш кесу жұмыстары қала аумағында жоспарға сәйкес жалғаса береді.

Осы айдарда

Back to top button