Абай облысыСайлауТОП
99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

23 тамыз күні Қаратөбе ауылдық округінде 99 жастағы Қарибжанова Уастай әжей дауыс беруге қатысып, өзінің азаматтық белсенділігін көрсетті. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Уастай әжей үшін дауыс беру – ел өміріне бейжай қарамай, азаматтық борышын орындаудың маңызды көрінісі. Жасына қарамастан, ол өз таңдауын жасады.
Мен еліміздің талай белесін көрген ұрпақтың өкілімін. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен жарқын болашағымызды бағалаймын. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына жауапкершілікпен қарауы керек, – деді 99 жастағы Уастай әжей.
Ақ жаулықты әжейдің сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын көрсететін тағылымды үлгі. Оның ел болашағына деген жанашырлығы кейінгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.



