Абай облысыСайлауТОП

Семейде 400-ге жуық Ұлттық ұлан сарбазы алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Семейде Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады. Мемлекеттің болашағын айқындап, елдегі саяси өмір үшін маңызды оқиға ат салысқан сарбаздар әскерге Алматы, Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Астана және Алматы қаласынан шақыртылған. Ұлттық ұлан сапына Астана қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Ерсұлтан Құрманбаев та сайлауға қатысып, дауыс берді. Оның айтуынша, бүгінгі Құрылтай сайлауы ел болашағы үшін маңызды, сондықтан ол өз азаматтық таңдауын жасаған.
Айта кетейік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оларға мерзімді әскери қызметшілермен қатар офицерлер мен сержанттар да қатысуда.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button