Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549 оқушы білім алады. Жазғы демалыс кезеңінде оларды түрлі сауықтыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру шараларымен қамтуға ерекше көңіл бөлінген. 2026 жылғы 1–20 маусым аралығында аудан мектептерінің жанынан ұйымдастырылған жазғы лагерьлерде 1–4 сыныптың 1744 оқушысы демалды. Лагерьлерде балалар үшін танымдық, шығармашылық, спорттық және мәдени бағыттағы іс-шаралар өткізілді.
Жазғы сауықтыру маусымы 15 маусымнан 23 тамызға дейін «Дарабоз» балалар сауықтыру орталығында жалғасады. Биыл мұнда жалпы 720 бала демалады. Оның ішінде 428 оқушы – Мақаншы ауданынан, 192 оқушы – Абай және Ақсуат аудандарынан келеді.
Мақаншы ауданынан демалатын 428 баланың жолдамасы жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры есебінен қаржыландырылған. Олардың қатарында әлеуметтік осал санаттағы және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін 25 оқушы бар.
Балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бос уақытын тиімді өткізу – өңірдегі білім беру саласының басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар жазғы кезең бойы тұрақты бақылауда болады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



