Абай облысыСпортТОП

Абай облысының спортшылары U15 Азия чемпионатында жүлдегер атанды

27 маусымда Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласында өткен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Абай облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бір алтын және бір қола медаль салды.

85 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ералы Мұратов барлық белдесуін айқын басымдықпен аяқтап, Азия чемпионы атанды. Алғашқы кездесуінде Түрікменстан спортшысы Мұхамметәлі Оразовты 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Өзбекстан өкілі Темур Уроловты 10:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, финалда Үндістан балуанын 8:0 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.

44 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұралы Амангелді де жоғары нәтиже көрсетті. Алғашқы белдесуінде Қырғызстан спортшысын 6:1 есебімен жеңген ол жартылай финалда Өзбекстан балуанына жол берді. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілін 5:4 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.

Абай облысының спортшыларының бұл жетістігі – олардың табанды еңбегі мен кәсіби дайындығының нәтижесі.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button