ҚоғамҚоғамСемейТОП

Семейді көркейтуге және көгалдандыруға 1,119 млн теңге бөлінді

Бұл туралы онлайн-пресс-конференция барысында қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Руслан Серғазин мәлімдеді, деп хабарлайды Semey News.

  • Ағымдағы жылы саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, «Өлімненде күшті» монументі аумағын, оң және сол жағалаудағы көпір асты аймақтарын көркейті және көгалдандыру, ағаштарды суғару және дезинсекциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жасыл желектерді санитарлық өңдеу жұмыстары да іске асырылуда. Бұл мақсатқа 31,227 млн. теңге бөлінді, – деді Р.Серғазин.

Сонымен қатар ТКШ басшысы, биылғы жылы ұйымдастырылмаған қоқыс үйінділерін шығаруға қалалық бюджеттен 32,1 млн. теңге бөлінгенін хабарлады. Бүгінгі таңда мердігер мекемемен Красный кардон ауданындағы, Суық бұлақ, Жоламан кенттеріндегі, Бейбітшілік аралындағы және басқа жерлердегі қоқыстар шығарылған.Сондай-ақ қала шеттерінде 8 спорттық және балалардың ойын алаңдарын орнату бойынша ЖСҚ дайындалуда. Суық бұлақ, Восход, Аксаринск, Мирный, Бобровка, Степной, Комсомол кенттерінде және Энергетик ықшам ауданында алаңдар орнату жоспарлауда. Жекелей алғанда, «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде биылғы жылы Восход кентінде спорттық алаң орнату және Суық бұлақ кентінде балалардың ойын алаңын орнату жоспарланған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button