
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің драматургтері арасында комедия жанры бойынша халықаралық драматургиялық байқау жарияланады.
Ережесі:
Байқау мақсаты:
* ұлттық драматургияның дамуына қолдау көрсету;
* халықаралық шығармашылық байланыстарды кеңейту;
* М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театр репертуарын кәсіби
жаңа материалдармен толықтыру;
* драматургтердің көркем комедия жазуға ынтасын арттыру және жаңа есімдерді ашу.
Байқау шарттары:
* байқауға комедия жанрындағы пьесалар ғана қабылданады;
* байқауға ұсынылатын пьесалар төлтума (инсценировка емес) және бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, сахналанбаған болуы керек;
* пьесаның авторлық құқықты растайтын құжаты (авторлық куәлік) болуы міндетті;
- үміткерлер пьесаларын онлайн (teatr.auezov@bk.ru) және офлайн
(Алматы қ., Жібек Жолы көшесі, 154 мекен-жайы) форматта,
қазақ немесе орыс тілдерінде жолдауы тиіс;
* пьесамен бірге автор туралы мәліметтер мен байланыс телефоны қажет;
* пьесаларды кәсіби қазылар алқасы (режиссерлер, драматургтер, театртанушылар) сараптайды.
Байқау нәтижесі:
I орын – үздік деп танылған пьеса театр репертуарына алынады.
II орын – кіші формада өзіндік жұмыс ретінде сахналанады.
III орын – оқылым ретінде талқыланады.
Байқаудың өткізілу уақыты: 1 сәуір – 1 қыркүйек 2026 жыл
Байқаудың қорытындысы: 1 қазан 2026 жыл
Қорытынды:
Бұл жоба Қазақстан және Орта Азия драматургтарының арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайтуға, ортақ театр кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді



