ҚоғамҚоғамСемейТОП

Семей тұрғындарына кесірі тимеуі керек – Б.Байахметов

Семейде "Semey Bus" ЖШС және «Семей» автобус паркі» ЖШС тағыда желіге шықпады, деп хабарлайды Semey News.

Бүгінгі таңда “Semey Bus” ЖШС басшылығы зейнетақы және басқа төлемдер бойынша бір жарым миллиардтан астам қарыз. Нәтижесінде, адамдар МӘМС шеңберінде қызмет ала алмауда, зейнетақы төлемдері жоқ, қаржылық қиындықтарын түзету үшін тіпті несие де ала алмай отыр.

Жыл бойында жүргізушілердің желіге шықпай қоюлары оннан асады, жұмысшылардың ашынуына еңбекақының төленбеуі және зейнетақы төлемдерін аудармау себеп болды. Таңертең ұжыммен ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов және қалалық әкімдіктің өкілдері кездесті.

  • Сіздердің әрқайсыларыңызда еңбек келісімі бар. Сол еңбек келісімі негізінде сотқа шағымданып, тиісті төлемдерді талап ете аласыздар. Ешқандай кедергі жоқ, жұмыс істеудің өркениетті әдістері бар емеспе. Ешқайда хабарласпай, автобустарды тоқтатып тастағандарыңыз дұрыс емес. Қала тұрғындарының кінәсі неде, неге олар сіздердің кесірлеріңізден қиналуы керек? – деді Бақытжан Байахметов.

Сонымен қатар ол, төлемдерді өндіріп алулары үшін жұмысшылар кәсіпорынды (осы жағдайда «Semey Bus» ЖШС ) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңын бұзғаны үшін сотқа берулері керек екенін атап өтті.

– Бүгін қалада тағыда «Semey Bus» ЖШС және «Семей» паркі автобустары желіге шықпады. Таңертең біз ұжыммен кездестік, бұған дейін, 16 маусымда осындай жағдай орын алған, бұл жерде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында азаматтық-құқықтық жауапкершілік туындайды, бұл жағдайда «Semey Bus» ЖШС әрекет етуші заңнама талаптарына сәйкес тиісті төлемдерді жүзеге асыруға міндетті, – деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев. – Субсидия мәселелеріде көтерілді, қазіргі уақытта сот ісі жүріп жатыр, соның ішінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әрекетіне қатысты. Аталған мәселе бойынша біз сот шешімін тосып отырмыз. Ол әлі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, автопарктерге жеңілдетілген санаттағы жолаушыларды тасымалдау үшін 70 млн теңге көлемінде субсидия қарастырылған. Бұл субсидия мәслихат шешімімен келісілген, бірақта «Semey Bus» ЖШС басқа ұйымдар алдында берешектері бар. Міне осыған байланысты кәсіпорынның шоттарына тыйым салынған. Субсидия аударылған бетте, олар ұжымның еңбекақыларына емес, автоматты түрде қарыз есебіне жолданады.

Ал «Semey Bus» 1 миллиард теңгеден астам 170 автобусқа қарыз. Ол автобустарды «БРК лизинг» компаниясынан сатып алған. Алайда, автопарк басшылығы келісімге сәйкес бірде-бір төлем жасамаған. Сонымен қатар жанар-жағар май үшін, коммуналдық қызметтер және басқада төлемдер бойынша миллиондаған қарыздары бар.  Ол туралы кәсіпорынды мемлекеттік кірістер басқармасы тексергеннен кейін белгілі болды. Бүгінгі таңда «Semey Bus» ЖШС жалпы берешегі екі миллиардты құрайды.

Қазіргі уақытта қала бойынша желіде «Семавтопарк» ЖШС және «Таксомоторный парк» ЖШС автобустары қызмет көрсетуде.

18 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотымен «Фонд развития промышленности» АҚ «Semey Bus» ЖШС лизинг нысандарын, яғни 170 автобусты қайтарып алу туралы берген искілік арызы толықтай қанағаттандырылды. Автопарк басшылығының жауапсыздығы халықты жұмыссыз қалдыру алдында.

«Семавтопарк» ЖШС бас инженері Сергей Должиков, бүгінгі таңда кәсіпорын жүргізушілерді, кондукторларды, диспетчерлерді жалақы төлеу және барлық әлеуметтік төлемдерді жүргізу кепілдігімен жұмысқа қабылдауға дайын хабарлама жасады.

Семей әкімдігі өз кезегінде мүмкіндігінше қолдау көрсетуге, жұмысшылар үшін тегін құқықтық кеңестер беруге, жұмысқа орналастыруға көмектесуге дайын.

Семей қаласының тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта қаланың 100 кәсіпорнында 700-ден астам вакансиялар бар.

  • Қалалық кәсіпорындарға жүргізуші, слесарь, механик, бақылаушы, бухгалтер және басқа мамандық иелері қажет. Біз хабарласқандарға барлық вакансияларды ұсынуға және оларды жұмысқа орналастыруға дайынбыз, – деді Семей қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сабыр Ашелов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button