ҚоғамҚоғамСемейТОП

Семейде ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша төрт жоба іске асырылмақ

Онлайн-пресс-конференция барысында «Семей Водоканал» МКМ директоры Еркін Сағындықов қаланы және ауылдық мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы жобаларға тоқталды, деп хабарлайды Semey News.

Биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен Семей қаласында сумен жабдықтау және су бұру бойынша жалпы сомасы 2287,37 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылады. Оның ішінде 3 жоба сумен жабдықтау және біреуі су бұру. Су құбыры жүйесінің құрылысына 253,101 млн теңге бөлінді.

  • Былтырғы жылы жалпы сомасы 5607 млн теңгені құрайтын 14 нысан аяқталды, оның ішінде жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын сумен жабдықтау нысандары, 1,5 шақырым су бұру нысандары. Дулатов көшесі бойынша су құбырын қайта құру аяқталды, Шығыс кентіндегі магистральды сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау жоспарда бар. 1 қыркүйекке дейін, Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде Семейдегі КНС-10 қайта құру жоспарланған. Ағымдағы жылдың қазан айына дейін Суық бұлақ кентіндегі су құбыры жүйесін кеңейтуді аяқтау жоспарда бар, – деп хабарлады Еркін Сағындықов.

«Семей Водоканал» МКМ басшылығының айтуынша, сумен жабдықтау жұмыстары ауылдық мекендерде де жүргізіледі. Абыралы ауылында су қабылдағыш құрылысы және сумен жабдықтау желісін кеңейту жоспарланған. Қазіргі уақытта әлеуетті жеткізушілердің сұранымдары қарастырылуда. Сонымен қатар Шақаман ауылында сумен жабдықтау құрылысы жоспарланған. Әлеуетті жеткізушілердің сұранымдары қарастырылып басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button