Берік Уәли Абай облысының тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірінде ерлік пен бірліктің, қайсарлық пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсеткен аға буынның алдында тағзым ететін қасиетті күн.
Сол бір сұрапыл соғыс жылдары өңірімізден 100 мыңға жуық азамат майданға аттанып, олардың 44 мыңнан астамы туған жерге оралмады. Олар ел мен жерді қорғап, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиды. Майдан даласында көрсеткен теңдессіз ерлігі үшін 56 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз».
Майдангерлеріміздің өмір жолы – кейінгі буын үшін үлкен өнеге. Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз ел жадында мәңгі сақталады.
Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Жеңіс күні құтты болсын!
Берік Уәли,
Абай облысының әкімі



