Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

«Теплокоммунэнерго» МКК 2026–2027 жылғы жылу беру маусымына дайындық аясында 2026 жылғы 12–22 мамыр аралығында қаланың оң және сол жағалауындағы магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілетінін хабарлайды.
Жұмыстар жүргізу кезеңінде тұрғын үйлер мен нысандарда ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Сынақтардан сәтті өткен (ақаулар анықталмаған) учаскелерде ыстық су беру қайта қалпына келтіріледі. Ақаулар анықталған үйлерде ыстық сумен жабдықтау жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі.
Қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:
• жұмыс жүргізіліп жатқан орындарға, жылу камералары мен жылу трассаларына жақындамау және автокөліктерді қоймау;
• құбырлардың ықтимал зақымданған жерлеріне және су шығу орындарына жақын болмау;
• ақаулар анықталған жағдайда дереу 109 немесе 339-849 нөмірлеріне хабарлау.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!



