Семейде көше саудасын реттеу мәселесі талқыланды

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен көше саудасының реттеу және заңдастыру мәселесі бойынша кәсіпкерлермен жиналыс өтті.
Кездесу барысында қоғамдық орындардағы ретсіз сауданың қала келбетіне, санитарлық жағдайға және азаматтардың денсаулығына кері әсері жан-жақты талқыланды. Әсіресе халық көп шоғырланатын демалыс аймақтарында бұл мәселенің өзектілігі атап өтілді.
Қала әкімі сауда қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету, санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылау және қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға жүйелі жұмыс жүргізіп, заңсыз сауданың алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдау міндеттелді.
Таза, қауіпсіз және тәртіпті қала – баршамыздың ортақ мақсатымыз!



