Абай облысыТОП

Абай гарнизонында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шарасы өтті

Абай гарнизонында әскери қызметшілердің отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шара өтті.

Іс-шараға Отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету ортлағының заңгері мен психологы, сондай-ақ Әскери полиция басқрамасының алдын-алу бөлімінің бастығы қатысты. Мамандар әскери қызметкерлерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық саолдары, оның алдын алу жолдары және отбасындағы қарым-қатынастынығайту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында профилактикалық бейнероликтер көрсетліп, қатысушыларға маңызды ақпараттар ұсынылды. Іс-шара соңында орталықтар мен құқық қорғау органдарының сенім телефондары таратылды.

Мұндай шаралар әскери ортада құқықбұзушылықтардың алдын алып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button